KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Ажырассақ та ақша беріп тұрдым” - Дариға Бадықова экс-күйеуіне қатысты бар шындығын айтты

Ayzhan Sylanova

Желі қолданушылары арасында кең талқыланған сұхбатта Мұсаев жеке өмірі туралы айтқан болатын. Алайда Бадықова оның сөздері шындыққа жанаспайтынын айтып, өз ренішін жеткізді.

«Менің де өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның рөлін ойнағанмын. Елдің адамы болған соң көп нәрсені ашық айтпадым — бекер екен. Ол өтірік күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелерінен шаршадым. Еркек басымен “жертво” болып отыр. Біз біраз уақыт бұрын ажырасқанбыз, бірақ біразға дейін бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Енді бәрін ашып айтамын. Киноға жасаған қастандығын, қызғаныштарын... Өнерімді тартып ала алмайды. Біз бақытты өмір сүрмедік», — деп жазды Бадықова.

Актриса ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайына материалдық көмек көрсетіп келгенін де жасырмады.

«Кеткен әйел қашан да жаман көрінеді. Өзім еркек те, әйел де болудан шаршадым. Ол істейтін ісі жоқ, тамағы мен киімін кім алып жүргенін де білмейді. Кетіп қалсам да ақша сұрап, маза бермейтін. Сау адамға ақша беріп жүрдім, құрбыларым тоқтат деді. Беруді қойған соң, енді осындай әңгіме шығарып отыр», — деді продюсер.

Қазіргі таңда Дариға Бадықованың жазбасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, оқырмандар екі тараптың жеке өміріне қатысты түрлі пікір білдіруде.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары