Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

#азаптаудытоқтат: Желіде Тұрғымбаевтың отставкасын талап етіп жатыр

#азаптаудытоқтат: Желіде Тұрғымбаевтың отставкасын талап етіп жатыр

Әлеуметтік желіде Ішкі істер министрі Ерлан отставкаға талап етушілер көбейді. Олар азаптаудың тоқтатылуын және соған кінәлілердің жариялы түрде жауапқа тартылуын өтінуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.



Әлеуметтік желі қолданушылары #азаптаудытоқтат хэштегімен жазықсыздардың жазаланбауын талап етуде.


Еске сала кетсек, БАҚ-та жазықсыз жазаланып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан соққыға жығылған азаматтар туралы жаңалықтар шығып жатыр. Соның бірі Талдықорғанның 37 жастағы тұрғыны, бес баланың әкесі Азамат Батырбаев. Ол митингке қатысқаннан кейін аяусыз азапталған. Хабарланғандай, ер адам қамауға алынғаннан кейін құқыққорғаушылар оны соққыға жығып, аяусыз азаптаған. Азамат Батырбаевтың денесіне қыздырылған үтік басылған.

Сондай-ақ, қаңтардың 14-і күні Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылынан Талдықорғанның орталық базарына барған Жақсылық Советбеков полиция қолына түсіп, бір күн азап көріп, төсі мен тоғыз қабырғасы сынып қайтқанын айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы өткізген Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесінде 779 адам қамауда отырғаны айтылды. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған. Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған.

Автор
Еркебұлан