«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен шағын несиелер беріледі - Қазақстан жаңалықтары

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен шағын несиелер беріледі - Қазақстан жаңалықтары

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 4 пайыз мөлшерлемемен шағын несиелер беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтарымыздың толыққанды жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы толыққанды пайдаланылатын болады. Оған 2020 жылы 123 млрд теңге бөлінеді.  Біз 535 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Барлық тиісті құралдар пайдаланылатын болады. Сонымен қатар, бүгін біз бірқатар өзгерістер енгіздік. Мысалы, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жұмыссыздар үшін, атап айтқанда, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, олар үшін микрокредиттер алты пайыздан емес, жылдық пайызы 4 %-бен беріледі. Несиені бес жылдан жеті жылға дейінгі уақытқа ұзартатын болады», - деді министр Нұр-Сұлтандағы ОКҚ брифингінде.

Министр халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің барлық құралдары қолданылатынын атап өтті.  Сондай-ақ, кәсіпорындардағы жұмыс барысыбақыланып, жұмысшылардың босатылу және жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылатыны айтылды.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан