Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

автобуста болған Өзбекстан азаматтарының тізімі жарияланды

автобуста болған Өзбекстан азаматтарының тізімі жарияланды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жамбыл облысындағы жол апатынан кейін жеті өзбекстандық ауруханаға түскен  

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда автобус апатынан жеті Өзбекстан азаматы зардап шекті, қаза болғандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады Өзбекстан сыртқы істер министрлігі.

Өзбекстан азаматтары қаза таппаған

Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі бүгін таңертең Жамбыл облысының Қордай ауданында жол апатынан 11 адам көз жұмып, тағы 26 адам жарақат алғанын хабарлаған еді.   

Жамбыл облысында автобус апатынан 11 адам қаза болды

"Отырар және Қордай ауруханаларына әр түрлі жарақатпен Өзбекстан азаматтары жеткізілді. Қазіргі таңда Өзбекстан азаматтарының қаза болғаны туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған министрліктің сайтында.

Сыртқы істер министрлігі автобуста болған Өзбекстан азаматтарының аты-жөнін жариялады:

1. Джуманиязова Мархамат, 1996 жылы туған;

2. Ахметов Рохила, 1994 жылы туған;

3. Жаббаров Шодлик Максудович, Хива қаласында туған;

4. Матжанов Отабек Абдуллаевич, 1985 жылы туған, Қарақалпақстан Республикасының тумасы;

5. Хайдаров Сардор Анорбой угли, 1994 жылы туған;

6. Исламеддинов Абухаттар угли, 1997 жылы туған;

7. Мухаммаджанов Зоводбек, 1999 жылы туған.

Ведомствоның мәліметінше, Өзбекстанның Алматыдағы бас консульдығы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментімен шұғыл байланыс орнатқан. Оқиға орнына бас консульдықтың қызметкері аттанып кетті.


sputniknews.kz
Автор
Жандос