"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Ауырып жүр ме? Танымай қалдық”: Қайрат Түнтеков халықты алаңдатып қойды

“Ауырып жүр ме? Танымай қалдық”: Қайрат Түнтеков халықты алаңдатып қойды
Фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Түнтековтің студияда жаңа ән жазу үстінде отырған сәті түсірілген бейнеролик желіде жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Видео кадрларынан әншінің шығармашылық жұмысқа қызу кірісіп, дыбыс жазу студиясында дайындық жасап жатқанын көруге болады. Алайда тыңдармандар оның сырт келбетінің өзгергенін айтып, денсаулығына алаңдай бастады.

Желі қолданушылары пікір бөлісіп:
«Семіріп кетіпті, әлде бір жері ауырып жүр ме?», «Стресс пен уайымнан да адам толады, тек тамақтан емес», «Қатты алаңдап қалдым», «Денсаулығы жақсы ма екен өзі?", «Қайратты танымай қалдым… бәрі дұрыс па?», «Дауысы бұрынғыша керемет», - деген мазмұндағы пікірлер қалдырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.