Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауыл мешітінде намаз оқып жатқан 44 адам өлтірілді

Ауыл мешітінде намаз оқып жатқан 44 адам өлтірілді

Оларға лаңкестік топ шабуыл жасаған



Нигер республикасының үкіметі Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы Télé Sahelмемлекеттік телекомпаниясы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.




«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны – 44 адам, олардың барлығы бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар 13 адам жарақат алды», – деп мәлімдеді Télé Sahel өкілдері.

Қолда бар ақпарат бойынша, бұл қылмысты Үлкен Сахара исламдық мемлекеті содырлары жасаған. Олар Мали Республикасымен шекаралас аумақта лаңкестік әрекеттер жүргізіп келген.

Ел басшылығы бұл шабуылға кінәлілердің жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді.

«Лаңкестер де, олардың демеушілері де тиісті жазасын алады», – делінген ресми хабарламада.




Автор
Нұрсұлтан