Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ауғанстанда зина жасаған әйелдердің өлім жазасына кесілетіні айтылды

Ауғанстанда зина жасаған әйелдердің өлім жазасына кесілетіні айтылды

Ауғанстанда талибандар енді зина жасап күнәға батқан әйелдерді көпшілік алдында таспен ұрып, өлім жазасына кесуге ниетті екендіктерін мәлімдеді. Бұл туралы хабарлады Kznews.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада өткен сенбіде радио мен теледидардағы тараған жаңалықтарда осы тақырыпты көтерген. Ол "біз әйелдерді зинақорлық үшін көпшілік алдында таспен ұрамыз", – деді.

Ол бұл әрекетті Талибанның батыстың ықпалына қарсы күресі деп атады. Ахундзада мұны әйелдер құқығын бұзу деп санайтындарды "шайтанның қызметшілері" деп атады.

Басылым жазғандай, Ауған әйелдері қазір өздерін қудалау мен әділетсіздіктен қорғауға дәрменсіз.

Еске салсақ, бұған дейін қаңтар айында Ауғанстандағы "Талибан" өкілдері елдегі әйелдерге арналған сұлулық салондарын жабуға және оларға сауда орталықтарында жұмыс істеуге тыйым салуға бұйрық бергенін хабарланған болатынбыз.

Автор
Нұрсұлтан