Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ауғанстанда "Талибан" тар киім киген әйелді атып өлтірген

Ауғанстанда "Талибан" тар киім киген әйелді атып өлтірген

Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының полициясы "Талибан" әскерінің тар киім киіп, сыртқа ер адамсыз шыққан жас әйелді өлтіргенін хабарлады.



Полиция бастығы Зиалухак Туфан 3 тамызда Азаттықтың Ауған қызметіне оқиғаның Самар Кандиан ауылында болғанын жеткізді. Бұл елді мекенді қазір содырлар бақылауда ұстап отыр.

Полицияның ресми өкілі Әділ Шах Әділ 4 тамызда Азади радиосына қаза болған әйелдің аты-жөні Назанин екенін және 21 жаста болғанын айтты.

Әділдің сөзіне қарағанда, әйел Балх астанасы Мазари-Шарифке бару үшін көлікке отырмақ болған, сол кезде шабуылға ұшыраған.

Талибан айыптауды жоққа шығарып, оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.


Автор
Айбар