Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің (FSWTS) директоры Дмитрий Шугаев америкалықтардың Ауғанстанда қалдырған қарулары 85 миллиард долларға бағалануы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.
Дмитрий Шугаев америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс ұшуы АҚШ-қа көп шығын келтірді деп бағалайды.
"Шынына келсек, 85 миллиард доллар деген өте көп қаржы. 22 мың бронетехника, 358 мың автомат, 176 артиллериялық қондырғы, 8 мың жүк көлігі, көлік ұшақтары, жүзден астам қаруланған тікұшақ. Бұл сандарды естудің өзі қорқынышты. Америкалық әскер уақыт сынағына төтеп бере алмады", - деді Шугаев.