Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ауаның ылғалдылығы
Автор: Шындаулетова Ляззат Талгатовна
Бағыты: Физика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-02
Материал туралы қысқаша түсінік
8сыныпта өткізген физика пәнінен ашық сабақ.Сабақ жоспары жас ұстаздарға ұсынып отырмын.
8сынып физикадан сабақ жоспарыТақырыбы: «Ауаның ылғалдылығы»Сабақтың мақсаты: «Ауаның ылғалдылығы» тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру мен негізгі физикалық құбылыс ерекшеліктерімен таныстыру.Сабақтың міндеттері:-Оқушыларға ауаның ылғалдылығы тақырыбы бойынша білім беру . -Оқушыларды ой өрісін дамытуға, танымын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін және белсенділігін дамыту- Бір-біріне деген ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, адамшершілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, білімді жинақтау сабағы.Сабақтың көрнекілігі: компьютер, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы, видеопроектор, психрометр, ыдыстағы су, слайдтар. Сабақтың әдісі: практикалық, топтық.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу мен оларды топқа бөлу. ІІ. Үй жұмысын тексеру. Ауызша, жекеше тексеру.ІІІ.Сабақтың негізгі бөлігі. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен бірнеше жұмыс түрлері орындалады. Негізгі ой бұл сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашатын жұмыстар.1.«Көпір» тапсырмасы. Слайдтағы сурет бойынша оқушылар ағаштағы жазуды шеше отырып сабақтың тақырыбын ашады.Құрметті оқушылар берілген әріптерді ағаш бойымен дұрыс келтіріп қою керек. 2. «Жалғасын тап» тапсырмасы. Құрметті оқушылар біз сіздермен бүгінгі сабақ тақырыбын өткен сабақпен байланыстыру мақсатында ойын ойнаймыз. Ол үшін алдарыңызда жатқан параққа назар аударыңыздар. Парақтағы сөздер, ережелер екі бағанға бөлініп жазылған, сол жұмысты мазмұнына сай сәйкестендіру керек. Кім тез және дұрыс орындайды.
| Суы бар шелекте мұз кесегі жүзіп жүр. Су мен мұздың температурасы . Бұл жағдайда....... | Қаныққан бу |
| Булану құбылысы дегеніміз....... | Мұз ериді |
| Қайнау үрдісінде сұйықтың температурасы...... | Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу құбылысы |
| Конденсация........... | Сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардың бу түзуі |
| Меншікті балқу жылуы | |
| Кристалдану........... | Меншікті булану жылуы |
| Қайнау.............. | өзгермейді |
| Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу | Сұйықтың бүкіл көлеміндегі бу түзілісі |
| Будың сұйыққа айналу құбылысы |
| р/с | Оқушыныңаты-жөні | Тапсырмалар | Ұпай саны | Баға | |||
| «Көпір» | «Жалғасын тап» | «Ассоциациялық карта» | «Миға шабуыл» | ||||
| 1 | |||||||
| 2 | |||||||
| 3 |
Қосымша (сабақтағы көріністер)
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.