Мұнайдан – жасанды интеллектке: Global Banking & Finance Review Қазақстан туралы не жазды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысын қызметінен босатты

Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысын қызметінен босатты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының тиісті өкімі туралы ақпарат жарияланды.

Дәурен Мұратбеков бұл қызметке 2024 жылғы 9 ақпанда Президент өкімімен тағайындалған болатын.

Дәурен Мұратбеков кім?

Дәурен Мұратбеков 1984 жылы дүниеге келген.

2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық заңгер" мамандығы бойынша, ал 2008 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған.

Әр жылдары "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамында, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте және Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2018 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Жоғары Сот Кеңесіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер