«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауа райының жылынуымен коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы - Қазақстан жаңалықтары

Ауа райының жылынуымен коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы - Қазақстан жаңалықтары

Ресейдің гидромет орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфан коронавирустың тарауына деген ауа райының әсері жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарапшы инфекцияның таралуы климатқа байланысты емес екендігін алға тартыпты. Айтуынша, оның сөзіне жылы аймақтарда орналасқан мемлекеттердегі азаматтардың коронавирусқа шалдығуы дәлел бола алады. 

"Мысалы Таиландта ауа райы шамамен +30 градус, алайда бұл елде коронавирус та, оған қарсы сақтық шаралары да бар. Таяу Шығыста да осыған ұқсас жағдай: Түркия, Израиль мен Сирияда +25  жылы, бірақ ол жағдай инфекцияның жаппай таралуына бөгет болмады",

Десек те метереолог күн сәулесінің коронавирустың белсенділігіне ықпал етуі мүмкін дейді. Алайда бұлай кесіп айту үшін көрнекі дәлелдер қажет көрінеді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 293-ке жетіп отыр. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан