Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атышулы Баян Алагөзова тағы да елді шулатты

Атышулы Баян Алагөзова тағы да елді шулатты






Атышулы продюсер Баян Алагөзова тағы да ел назарына ілікті.

Бұл жолы ол "Qween show" мюзиклын орындаймын деп, елдің жаппай сынына ұшырады, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Көрермен назарына алғаш ұсынылған мюзиклдың тұсауы кеше кесілді. Оған көптеген артистер, блогерлер мен әншілер қатысқан. Сонымен бірге, мюзиклда Кешью тобының бұрынғы солистері Жанар Дұғалова, Ерке Есмахандар да өнер көрсеткен.

Десе де көпшілікке Баян Мақсатқызының сахнада сомдағын образы мен киім үлгісі ұнамаған. Олар ашулы пікірлерін желіде жаудырып жатыр.

"Өнеріне сүйсіне қарап, үлгі тұтатын адам емес. Ешқандай қазақи намысы жоқ, өзімен-өзі елге күлкі болып жүрген әртіс сымақ", "Талғамы жоқ, не киімдері, не әндері, бәрі нашар", "Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар деген осы ғой, жас ерекшелігіне қарай әрекет жасаса қандай тамаша", "Дауысы жоқ, несіне ән айтады", "Қазақша әні мен киімі келіспей қалды" деп жазды олар.

Автор
Нұрсұлтан