Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел деп атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы жұмбақ өлім: полиция күдіктінің қайда екенін мәлімдеді

Атыраудағы жұмбақ өлім: полиция күдіктінің қайда екенін мәлімдеді
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысы полициясы ерлі-зайыптыны өлтіруге күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаянның Қазақстаннан Өзбекстан арқылы шығып кеткенін мәлімдеді. Күдіктілердің қозғалысы халықаралық іздеу тетіктері арқылы бақылауға алынған, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция мәліметінше, Ақбаян қазір «із-түзсіз жоғалған адам» ретінде ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық «қызыл» санаттағы іздеу тізіміне енгізілген. Бұл мәртебе күдікті қай елде анықталса да, шекарадан өтуге талпынғанда немесе әуе, теміржол сияқты қоғамдық көлікке мінер сәтте бірден ұстау рәсімдерін бастауға негіз болады.

Тергеу дерегі бойынша, күдіктілер Қазақстан аумағынан Өзбекстан арқылы шыққаннан кейін өзге мемлекеттерде де байқалған. Құқық қорғау органдары бұл бағытта халықаралық арналар арқылы ақпарат алмасып отырғанын жеткізді. Істі тергеу жалғасып, күдіктілердің жүрген жолы мен байланыстары нақтылауға алынып жатыр.

Полиция өкілдері күдіктілердің қазіргі орналасқан жері белгілі екенін айтып отыр.

«Біз олардың қазіргі орналасқан жерінен хабардармыз. Қазір халықаралық құқықтық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жақын арада ұсталады деп күтілуде», – делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен бірге құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында белгілі бір мәселелер барын растады. Алайда оның заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп танылғаны туралы шешім жоқ, сондай-ақ бірінші топ мүгедектігі сот арқылы бекітілмегені де атап өтілді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер