KZNews.kz
Қоғам

Атыраудағы жантүршігерлік оқиға: белгісіз жігіт кішкентай баланы ойын алаңында соққыға жыққан

Ayzhan Sylanova

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ашық түсті жейде киген ер адамның ойын алаңындағы балаларға жақындап келіп, кішкентай ұлды бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Сол сәтте куәгерлер араласып, оны тоқтатуға тырысқанымен, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл жағдай Алмагүл шағын ауданында болған.

«Белгісіз жас жігіт еш себепсіз балаларға жақындап, 9 жастағы баланы аяусыз ұрған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталған жоқ», – делінген жазбада.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

«Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілуде, оқиға куәгерлері сұралуда», – деді полиция өкілдері.

Полицияның дерегінше, баланың денесіне жеңіл жарақат түскен. Қазір ол медициналық бақылауда, сондай-ақ психологтардың көмегін алуда.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары