Жаңалықтар

Атыраудағы трагедия: Полиция қылмысқа қатысы бар делінген күйеу балаға іздеу салды

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Атыраудағы трагедия: Полиция қылмысқа қатысы бар делінген күйеу балаға іздеу салды
smartnews.kz коллажы

Атырау облысының Полиция департаменті 6 қаңтар күні Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне қатысты күдіктіге ресми іздеу салды, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қылмысқа күдікті ретінде отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев аталды. Құқық қорғау органдары бұл іске басқа тұлғалардың қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр.

Еске салайық, 25 желтоқсанда отбасының туыстары полицияға жүгініп, олардың жоғалып кеткенін хабарлаған. Ал 6 қаңтар күні ерлі-зайыптылар – Максот пен Нәсіптің мәйіттері табылды. Қазіргі таңда олардың балаларына қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz