KZNews.kz
Жаңалықтар

Атыраудағы резонанс: Жоғалған Наурыздың телефоны қосылғаны белгілі болды

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты тергеу барысында бұрын көпшілікке жария болмаған жаңа мәліметтер анықталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іздестіру жұмыстары кезінде кейбір отбасы мүшелерінің телефондарында қосылып-өшірілу белгілері тіркелгені белгілі болды. Қазіргі уақытта марқұм ерлі-зайыптының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен олардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға халықаралық іздеу жарияланған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Сәрсемалиев аталған іс бойынша негізгі күдікті ретінде қарастырылып отыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет жоғалған азаматтардың телефон деректеріне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі кезде отбасы мүшелерінің барлық телефон құрылғылары сөндірулі. Дегенмен Наурыз Мұқанғалиевтің телефонында белгілі бір уақыт аралығында қосылып-өшірілгені жөнінде техникалық деректер анықталған.

Атап айтқанда, телефон белсенділігі жаңа жылға дейінгі кезеңде – 27-28 желтоқсан күндері тіркелген. Сонымен қатар полиция тергеудің бастапқы кезеңінде бірнеше нұсқа қарастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қылмысқа тек бір адамның ғана емес, басқа да тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген болжам жан-жақты тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары