KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды оқиға: Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды

• Жарқын Омаров
Фото © Tengrinews.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот отырысы басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сотталушы фото және видеоға түсіруге қарсылық білдірген жоқ.

Оған төрт адамды өлтірді, сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.

Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарауда.

Сот барысында Сұлтан Сәрсемалиев орта білімді екенін, тұрақты жұмыс істемегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол 2022 жылдың қыркүйегінде ажырасқанын айтты.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →