Жаңалықтар

Атыраудағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізілгені мәлім болды

Атыраудағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізілгені мәлім болды
ашық дереккөзден

ІІМ Атырауда ерекше резонанс тудырған Яна Легкодимованың өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізілгенін баяндап, жан түршігерлік видеоны жариялады, деп kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Яна Легкодимованы іздеу қалай басталды?

2023 жылдың 20 қазанында қыздың анасы оның жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары бірден іздеу шараларын бастаған.

"Алғашында іс жоғалған адам ретінде тіркелді. Біз ақпарат түскен сәттен бастап іздеуді жеделдеттік. Кейін жинақталған деректер қыздың ұрланғанын көрсетті, сол кезде қылмыстық іс қозғалды. Ал оның өлтірілгені анықталғанда, тергеу адам өлтіру фактісі бойынша жалғасты", – деді Атырау облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.

Бейнебақылау камералары күдіктілерді әшкереледі

Видеожазбаларды талдау барысында Легкодимованың үйінің алдына ақ түсті автокөлік келіп тоқтағаны анықталған. Көлік Ризуан Хайржановқа тиесілі болған. Камералар қыздың сол көлікке отырған сәтін дәл түсіріп алған.

"Біз оның үйден шыққан сәтінен бастап қозғалыс бағытын қалпына келтіре бастадық. Камералар ақ көлікті көрсетті. Жанында екінші ер адам есікті ұстап тұрған. Кейін ол да көлікке мінді. Олар Талдыкөл ауылына қарай бағыт алған", – деді тергеуші Темірхан Хажмұратов.

Жедел уәкілдер қыздың жоғалуы қылмыспен байланысты екенін анықтап, күдіктілердің жеке басын белгіледі. Біреуі – тікелей қылмыскер, екіншісі – қылмысты жасыруға көмектескен адам.

"Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Біреуі Құрманғазы ауданына қашып кеткен, ал екіншісі көлікті жууға апарып, дәлелдерді жойып, марқұмның телефонын да құртып жіберген", – деді тергеуші.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz