Атырау облысында болған қайғылы жағдайға қатысты тың деректер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Белгілі болғандай, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев өткен жылдың мамыр айында балдызы Наурызды пышақтап өлтірген. Сол кезеңде марқұм "жұмысқа қалаға кетті" деген ақпарат тараған, деп хабарлайды kznews.kz.
Араға шамамен алты ай салып, қараша айында ол отбасының тағы үш мүшесін – ата-енесі мен Мирамкүлді өлтіргені айтылуда. Бұл жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі ресми парақшасында осы жағдайға байланысты жазба жариялады.
АҚБАЯН 5-Ші БАЛАСЫ БАРЫН БІЛМЕЙДІ. Сұлтан Сәрсемәлиев балдызы Наурызды өткен жылдың мамыр айында пышықтап өлтірген. Туысы Әсиләнің “алдымен Наурыз қалаға жұмысқа кетті” дегені осы кез болып тұр. Отбасының қалған 3 адамын (ата-енесі мен Мирамкүлді) араға 6 ай салып қарашада өлтіріп тынған екен.
Ақбаян болса қазір Алматыда, респб. психо-диспансерде тексерілуде. Өзіне тамақ апарған жаннан ата-анасына сәлем жолдап, Наурызды сұрап қояды деседі.
Балаларының тек төртеуі есінде, 5-ші баласын туғанын білмейді
P.S. Мен ойлаймын да; тергеу, сұрақ, экспертиза деп тасып есін шығармай, елге әкелгенде ең бірінші балаларымен жолықтыру керек еді. Бала деген бүкіл дерттің емі ғой…