Атырауда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан кәмелетке толмаған қыздың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жасөспірім тікелей эфир барысында былапыт сөздер қолданған. Осыдан кейін қыз бен оның анасы полицияға шақырылған.
Тексеру нәтижесінде әйел бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.