Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады

Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Атыраудағы пәтерлердің бірінде қыз бала құрдасын аяусыз ұрып-соққан, куәгерлер болған жайтты телефондарына түсірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалдың қатысушылары қаладағы кешкі мектеп пен колледжде оқиды", - делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.

Атырау облыстық ПД өкілдерінің хабарлауынша, оқиға биыл сәуір айында болған.

"13 сәуір күні Атырау қаласында құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция басқармасына жеткізілді. Төрт күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылыққа жол берген барлық күдікті полицияның профилактикалық есебіне қойылды.

Күдіктілердің арасындағы 16 жастағы жасөспірімге қатысты жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды", - деп мәлімдеді ведомство. 

Полиция кез келген құқық бұзушылық әрекеті үшін заң аясында жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.