Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда табылған екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет айтты

Атырауда табылған екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет айтты
ашық дереккөзден

Атырау қаласындағы «Геолог» ықшамауданынан табылған 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала тергеу деректеріне сүйенсек, марқұмдардың денесінде өткір заттан қалған жарақаттар анықталған.

Бұл жағдайға байланысты Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

"Марқұмдардың денесінде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Құттыбай Садықов.

Мамандардың мәліметінше, сараптама нәтижелері арқылы қайтыс болудың нақты себебі мен уақыты анықталады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер