"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды

Атырау қаласында қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды, Бір-бірімен өзара келісе алмағандар – 33, 32 және 30 жастағы азаматтар.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 14 шілде сағат 17:59 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары төбелескен үш жігітті байқаған.

«Учаскелік полиция инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан «Сафари» кафесінің алдында төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған үш жігітті анықтады. Бір-бірімен өзара келісе алмағандар – 33, 32 және 30 жастағы азаматтар», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қоғамдық орында төбелескен үш жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Соттың шешімімен екі азаматтың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, біреуі бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Автор
Айбар