Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге қатысты тағы бір дерек жария болды

Атырауда қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге қатысты тағы бір дерек жария болды
smartnews.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты күдікке ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына жеткізіліп, аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға арналған арнайы камераға орналастырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деген күдікке ілінген. Қаза тапқан ерлі-зайыптылардың мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы сарайға көмілген. Ал олардың ұлы мен қызы күдікті бұрын жалдап тұрған Геолог ықшамауданындағы үйдің ауласынан табылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Сұлтан Сәрсемалиев бұған дейін Индонезияда ұсталып, кейін Қазақстанға жеткізілген. Оның жанынан марқұмдарға тиесілі жеке куәліктер, банк карталары және ұялы телефон табылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.