Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда полиция қызметкері асылып қалды

Атырауда полиция қызметкері асылып қалды

Атырау облысы Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып қалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылмы жазды.

Таңғы сағат 8 шамасында Құрманғазы ауданының тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген 25 жастағы полицей асылып қалды. Оның денесі стадиондағы турникте дарға асылып тұрған күйде табылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл осымен наурызда болған үшінші жайт. 19 наурызда ҚПБ-да психолог болып жұмыс істеген полиция лейтенанты өз үйінде бақилық болған. Бұл оның жоспарланған ұзатылу тойына бірнеше күн бұрын болған оқиға. Арада бір күн өткен соң Махамбет ауданы тұсында Жайық өзенінен сол ауданның полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкерінің денесі табылды. Ал жағада аузында көлікті оталдыратын кілті тұрған күйде оның көлігі қалған.

Автор
Еркебұлан