"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда облыстық аурухана карантинге жабылды

Атырауда облыстық аурухана карантинге жабылды

Аурухана дәрігерлеріне қаралуға келген пациенттің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Атырау қаласындағы облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Індетке шалдыққан науқас – Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны.

Өткір респираторлық вирустық инфекция белгілерімен Атыраудағы облыстық ауруханаға жүгінген.

"Одан алынған тест әйелдің коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. Қазір  науқаспен араласқан адамдардың тізімі жасалуда. Осыдан кейін  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, пациентпен байланыста болған дәрігерлер мен науқастар оқшауланған", -делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әйел 27 наурызда "Ыстамбұл-Атырау" арнайы рейсімен келген.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Бұдан бөлек, дәл осы рейспен вирус жұқтырған 20 жастағы жігіт те ұшып келді.

Соңғы деректер бойынша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті. Барлық пациент инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Олармен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге жатқызылуда.

Қазақстанда 369 адам індетке шалдықты. 26 адам дертінен айықса, үш науқас қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан