KZNews.kz
Қоғам

Атырауда ерекше балаларға қорлық көрсеткен әлеуметтік орталық қызметкерлері тексеріліп жатыр

Ayzhan Sylanova

Бейнежазбада орталық қызметкерлерінің ДЦП диагнозы бар балалардың қозғалысын мазақтап, күліп, кейбіріне қол жұмсағаны анық көрінеді. Бір қызметкер баланы ұрып жатқанда, өзгелері қарап тұрып күлген. Бұл көрініс жұрттың ашу-ызасын тудырды.

Атыраулық белсенді Рүстем Баязиев мұны адамдыққа жат әрекет деп атап, кінәлілерді дереу жазалауды және қоғам алдында есеп беруді талап етті.
 

«Біз осы мекемелерге ең қымбатымыз — балаларымызды сенеміз. Оның ішінде ерекше күтімді қажет ететіндерді. Мұндай жағдайлар баланың ғана емес, бүкіл отбасының абыройын аяққа таптайды», — деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты жедел тексеріс басталды. Алайда Атырау облысының білім басқармасы әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, биыл көктемде де өңірдегі балабақшалар мен арнайы мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатігездік көрсету деректері бірнеше есе артқаны хабарланған болатын.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары