Қоғам

Атырауда дауылдан емхананың төбесі ұшып, көліктер зақымданды

Атырауда дауылдан емхананың төбесі ұшып, көліктер зақымданды

Атырау облысында бірнеше күн қатарынан соғып тұрған қатты жел адамдарға, техникаға және ғимараттарға қауіп төндіріп жатыр. Аймақта облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Жел соғып, жолдарrr жабылды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысын күшті циклон басып, ауа райы күрт нашарлаған.

Метеоқызметтердің мәліметі бойынша, желдің екпіні 25 м/с-тан асып, боран соғып, көктайғақ пайда болды. Бұл қозғалысқа өте қауіпті жағдай туғызды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк, қоғамдық және барлық түрдегі автокөлік үшін уақытша шектеулер енгізілді:

Атырау – Орал

Атырау – Ақтөбе

Атырау – Доссор – Бейнеу

Тұрғындарға кеңес

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау үшін бірқатар шұғыл кеңес берді:

1. Үйде болыңыз: Мүмкіндігінше үйде қалыңыз, терезелер мен есіктерді тығыз жабыңыз.

2. Қауіпті жерлерден аулақ болыңыз: Ағаштардың, электр беру желілерінің, жарнама құрылымдарының және мықты бекітілмеген нысандардың жанында тұрмаңыз.

3. Көлік тұрақтары: Автокөліктерді ағаштардың астына және жарықтандыру тіректерінің жанына қоймаңыз.

Дауыл салдарын жою

Аймақтағы желдің салдарын жою үшін «Атырау Жарық» компаниясынан 25-тен астам апаттық және қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды.

Облыс әкімінің төрағалығымен құрылған жедел штаб барлық қызмет жұмысын үйлестіруде. Жергілікті атқарушы органдардың қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылып, жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Әкімдік желдің әлі де тоқтамауына байланысты, табиғи апаттың ауқымы мен оның толық салдарын кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді. Ал тұрғындар әлеуметтік желілерде электр қуатының апаттық ажыратылуы туралы видеоларды бөлісіп жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz