“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда ауласында алау жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

Атырауда ауласында алау жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

Әлеуметтік желіде мектеп ауласында алау жағылғаны түсірілген видео тарады.

Кейін Атырау қаласындағы №8 Ө.Атамбаев атындағы мектепте Масленница мерекесі атап өтілгені анықталды. Алау жанында оқушылар тұр.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.

«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ, қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.
Автор
Еркебұлан