KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырауда әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы өлі табылды

• Қайсар Қанат

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, мәйіт 18 қазанда табылып отыр. Шенеуніктің қайтыс болғанын оның ведомствоның ресми парақшасында некролог жариялаған әріптестері растады.

Бауыржан Асаинов Атырау облысы бойынша әлеуметтік қорғау департаментін 2023 жылғы 4 қаңтардан бері басқарып келген. Жарияланған некрологта әріптестері оның мемлекеттік қызметтегі көпжылдық еңбегін атап өтіп, туыстарына көңіл айтты.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →