Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда 3 жасар қыз әкесінің анасын 28 жерден пышықтап өлтіргенін көрген

Атырауда 3 жасар қыз әкесінің анасын 28 жерден пышықтап өлтіргенін көрген
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында 42 жастағы әйел өз пәтерінде айуандықпен өлтірілген. Негізгі күдікті – оның азаматтық некедегі жұбайы. Ең сорақысы, бұл қылмыстың куәсі олардың үш жастағы қызы болған, деп хабарлайды kznews.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жантүршігерлік оқиға көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде болған. Көршілердің айтуынша, сол күні ешқандай айқай не шу естілмеген. Ал кешке 16 жастағы қызы үйге оралғанда қанға боялған анасының денесін және жанында ұйықтап жатқан кішкентай сіңлісін көрген.

“Үлкен немеремнің шок алғаны сонша, анасына жақындай да алмады. Ол небәрі 16 жаста. Көзқарасы қатып қалғандай болды. Ал кішкентай қыз алғашында мүлде сөйлеген жоқ. Кейін: "Әкем анамды пышақтады" деді. Ол оқиғаның қалай болғанын көрсетіп берді. Барлығын полицияға айтып берген. "Әкем анамды ұрды, анам айқайлады. Мен жыладым. Қатты жылай бастағанда, әкем қашып кетті" деген”, – дейді марқұмның анасы Фатима Шмирова.

Негізгі күдікті – 38 жастағы ер адам. Ол 42 жастағы Алмагүл Шмировамен алты жыл азаматтық некеде тұрған. Әйелдің бөлек тұратын екі ересек қызы болған. Ал екі кенже қызы анасымен бірге тұрған. Марқұмның шағын дүкені болған. Туыстары болған жағдайға әлі күнге дейін сене алмай отыр. Олар мұндай қатыгездікке не себеп болғанын түсінбейді.

“Біз суреттерді көрдік. Денесінде алдыңғы жағынан да, артқы жағынан да пышақ ізі болған – барлығы 28 жарақат. Ол еш аяусыз пышақтаған. Арқасынның сау тамтығы қалмаған. Тіпті, тамағын да орып жіберген. Адамның мұндай жауыздыққа қалай баратынын түсіне алар емеспін. Бұл – айуандық. Өзінің лайықты жазасын алсын. Басқа ештеңе сұрамаймын”, – дейді Фатима Шмирова.

Туыстарының сөзінше, ер адам бұған дейін де жиі жанжал шығаратын болған. Әйел бірнеше рет полиция шақырғанымен, күдікті қайта оралып, бәрі қайталанып отырған.

Жақындарының айтуынша, күдікті кісі өлтіруден кейін төрт күн өткен соң ғана ұсталған.

“Тұрмыстық жанжал кезінде әйелді өлтірді деген күдікпен марқұммен азаматтық некеде тұрған 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – дейді Атырау облыстық полиция депратаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Марқұмның жақындары енді қыздардың тәрбиесін өз мойындарына алмақ. Олардың айтуынша, ең алдымен үш және он алды жастағы қыздардың психологиялық жағдайына көңіл бөлмек.

Марқұм әйелді өлтірген қылмыскер ретінде оның азаматтық некедегі күйеуі күдікке ілініп отыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам әйелді пышақтап өлтіріп, кейін мәйітін көрпемен жауып, қашып кеткен. Бұл жағдай олардың бес жасар қызының көз алдында болған.

Ерлі-зайыптының көршілері күдіктінің ішімдікке жақын екенін біледі.

“Бәрі ішімдіктен. Апам келіп мені оятты. Көршінің Жазираны пышақтап өлтіргенін айтты. Мен оянып, сол жаққа жүгіріп барып көрдім. Ол жерде жедел жәрдем де, патрульдік полиция да жиналыпты. Үйдің ішінде бала болды. Бала түні бойы анасының жанында түнеп шыққан”, – дейді көршісі Елжас Рахиман.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.