6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда ота үстінде көз жұмған 16 жасар қызға қатысты тың деректер шықты

Атырауда ота үстінде көз жұмған 16 жасар қызға қатысты тың деректер шықты

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен барған. Алайда хирургиялық араласудан кейін жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдайдан кейін қыздың анасы дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіріп, қызының өліміне медициналық көмек көрсету кезіндегі салғырттық себеп болуы мүмкін деп есептейді.

Қазір жасөспірімнің нақты неден қайтыс болғаны, ота барысында қандай жағдай болғаны және дәрігерлер тарапынан қателік кеткен-кетпегені анықталуы тиіс.

Марқұмның анасы істің жан-жақты әрі әділ тергелуін және қызының өліміне кінәлілер анықталса, заң аясында жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.