Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау-Орал тас жолында жантүршігерлік жол апаты: 4 адам өлім құшты, 6 адам ауруханада

Атырау-Орал тас жолында жантүршігерлік жол апаты: 4 адам өлім құшты, 6 адам ауруханада

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 ақпанда Ақжайық аймағында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 км жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысты.

Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көліктің бетпе-бет түйісуіне жол берген. Оның полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағаны жөнінде бейнежазба бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалғанын, тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда қатты желге байланысты бірнеше жол жабылды.

Автор
Нұрсұлтан