KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырау облысында қаза тапқан отбасының туыстары Ақбаян Мұқанғалиева қазір қайда екенін айтты

• Жарқын Омаров
Фото: видеодан алынды

Атырау облысындағы жантүршігерлік оқиғаға күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулық жағдайына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақбаян қазір қайда?

Бұған дейін күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаянның Индонезиядан Алматыға жеткізілгені хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, Сұлтан Ақбаянның ағасы мен әпкесі - Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйітін бұрын өзі жалға алған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Туыстарының мәліметінше, қазір Ақбаян Атырауда.

"Біз оның психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын білмейміз. Ақбаянның енесінің айтуынша, қазір ол Атыраудағы психиатриялық мекемеде (психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым – екс.) жатыр", – деді отбасының туысы.

Бұған дейін редакция әйелдің денсаулық жағдайына қатысты Атырау облысы Полиция департаментіне сауал жолдаған, алайда жауап алған жоқ. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірдің Денсаулық сақтау басқармасына да жүгіндік. Денсаулық сақтау басқармасы полицияға жүгінуге кеңес берді.

"Қылмыстық іс қозғалған. Бұл мәселе бойынша полицияға жүгіну қажет", - деп жауап берді басқарма.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →