KZNews.kz
Шоу-бизнес

Атырау облысында ірі жол апаты болып, бір әйел тірідей жанып кеткен

KZNEWS

Атырау облысында ірі жол апаты болып, бір әйел тірідей жанып кеткен. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлады.

Қайғылы оқиға 14 шілде күні болған. Атырау-Астрахан трассасында Тoyota Ipsum мен Toyota Highlander көлігі соқтығысқан.

Салдарынан көліктердің бірі өртеніп, жолаушы әйел көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кеткен. Сондай-ақ 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағына (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) сай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары