ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау әуежайының шотынан аса ірі көлемде ақша ұрланды

Атырау әуежайының шотынан аса ірі көлемде ақша ұрланды

Сот қаскүнемді бес жылға бас бостандығынан айырды  

АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Бағдарламашы екінші деңгейлі банктердің бірінің шотынан Атырау халықаралық әуежайына тиесілі 12 миллион теңгені жымқырды.

Киберұрлық туралы арыз полицияның кезекшілік бөліміне 26 сәуір күні түсті.

Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша (Аса ірі көлемде ұрлық жасау) тергеу жүргізді, деп хабарлады Атырау қаласының көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұндай қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Көлік полициясы қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай хакерді ұстады. Ол әуежайда жұмыс істейтін 23 жастағы инженер-бағдарламашы болып шықты.

Тергеу кезінде қаскүнем қаржыны өз танысының атына ашылған банктің шотына аударып, ақшаны сол күні қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хакерді бес жылға бас бостандығынан айырды.   


sputniknews.kz
Автор
Әлихан