Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы жолда қайтыс болды: Жолсерік қызметтік заңбұзушылыққа барған

Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы жолда қайтыс болды: Жолсерік қызметтік заңбұзушылыққа барған
ашық дереккөзден

Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында жан түршігерлік оқиға болды. Жолсерік билетсіз мінген жолаушыны жасырмақ болып, жолда қайтыс болған адамның атына билет рәсімдеген, деп хабарлайды hronika.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, пойыз 12 шілдеде Атырау станциясынан жолға шығып, келесі күні таңертең Ақтөбеге жеткен.

Тергеу барысында 44 жастағы ер адамның пойызға билетсіз мінгені анықталды. Алайда сапар кезінде жолаушының жүрегі кенеттен тоқтап, ол қайтыс болған.

Вагонда билетсіз адамның болғанын жасыру үшін жолсерік марқұмның жеке куәлігін алып, оның атына ресми билет сатып алған.

Оқиғадан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қызметтік тексеру жүргізе бастады.

Қазіргі уақытта вагон жолсерігі мен осы учаскенің бастығына қатаң сөгіс жарияланған, кінәлі тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жалғасып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша олардың теріс себептермен жұмыстан босатылуы мүмкін.

Оқиғаның мән-жайын полиция да тексеріп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер