«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау - Ақтөбе пойызына билетсіз мінген жолаушы көз жұмды

Атырау - Ақтөбе пойызына билетсіз мінген жолаушы көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы қайғлы оқиға 2026 жылғы 13 шілдеде №691/692 жолаушылар пойызында Қандыағаш – Ақтөбе бағытында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Пойыз бастығының айтуынша, жолаушы билетсіз жүрген. Оны вагонға жолсерік мінгізген. Жол үстінде ер адам кенеттен қайтыс болған.

“Вагондағы кондиционердің қалыпты жұмыс істегенін және температуралық режим белгіленген талаптарға сай болған еді”, – деп мәлімдеді компания.

Пойыз Ақтөбе станциясына жеткен соң марқұмның мәйіті қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін уәкілетті органдардың қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша екі жолсерік пен пойыз бастығы жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ Ақтөбе учаскесінің бастығы мен өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс жарияланды. Ал "Батыс" филиалының басшылық құрамына қатысты жұмыстан босатуға дейінгі қатаң тәртіптік шаралар қолдану жоспарланып отыр.

Оқиғаның мән-жайын Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жолаушы екі жақты өкпе қабынуынан қайтыс болуы мүмкін.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.