Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент – Алматы пойызында жолсерік толғағы келген әйелді босандырып алды

Шымкент – Алматы пойызында жолсерік толғағы келген әйелді босандырып алды
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Әйелді босандырып алған жолсерік пен пойыз басшысы алғыс жарияланады

ААСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Дүйсенбі 14 қаңтар күні Шымкент – Алматы бағдарлы пойызда жас әйел босанды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Айгүл Жүзбаева жүктіліктің тоғызыншы айында пойызбен Алматыға жол тартыпты, көп ұзамай жас әйелдің толғағы басталған. Вагонның жолсерігі Дәурен Байменов пен пойыз бригадасының басқа қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, жолаушыны босандырып алды. Айгүл қыз баланы өмірге әкелді.

Таразда жас ананы сәбиімен бірге перзентханаға жеткізген. Анасы мен қызының жағдайы жақсы. Әйел босануға көмектескен пойыз қызметкерлеріне зор алғысын білдіреді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбеков атап өткендей, пойыз басшысы Нұрманәлі Нұрманбет пен жолсерік Дәурен Байменовке алғыс жарияланады.

Айта кетсек, былтыр пойызда он нәресте жарық дүние есігін ашқан.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Санжар