The Insider: қазақстандық кәсіпкер санкциялық технологияларды тасымалдаған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Аттракционда аяғынан айырылған қызметкер жансақтау бөлімінде жатыр

Аттракционда аяғынан айырылған қызметкер жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында аттракционның астында қалып, екі аяғынан айырылған қызметкер әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Көп қан жоғалтқан 18 жастағы жігіттің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер, деп хабарлайды kznews.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қызметкер саябақта оператор болып жұмыс істеген. Ол америкалық ойын құрылғысында отырған бүлдіршінге көмектесуге барған екен. Сол сәтте қосулы тұрған аттракцион жүріп кеткен. Қазір осы оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

“18 жастағы қызметкер америкалық ойын құрылғысында жылап отырған бүлдіршінді жұбатпақ болған. Осылайша, басын бәйгеге тіккен”, – дейді куәгерлер.

Парк басшыларының айтуынша, оператор жас жігіт мына құрылғылар жұмыс істеп тұрған сәтте қауіпті аумаққа түскен. Сол кезде мына вагон жігіттің аяқтарын жаншып тастаған. Енді бұл оқиғадан кейін аттракциондар қойылған аумақ толықтай жұмысын тоқтатыпты.

“Сол уақытта жедел отаға алынды. Сол жақ сан бөлігінен үштен бір деңгейіндегі ампутациясы, аяқтың тобық деңгейіндегі ампутация жасалды. Қазіргі жағдайы өте ауыр. Соған байланысты жансақтау бөлімінде”, – дейді Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жаұлан Баймаханов.

Демалыс орнының өкілдері аттракциондар жаңадан әкелінген, ешқандай техникалық ақау жоқ деп ақталды. Сондай-ақ қызметкерлерге қауіпсіздік ережесін егжей-тегжейлі үйреткенбіз деп отыр.

“Біздің қызметкеріміз оператор жігіт сол аттракцион тұрған қоршаудың ішіне кірген. Оның не себепті кіргенін біз әлі анықтаған жоқпыз. Оны тексеру органдары анықтайды. Техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ол қосылып тұрған кезде ол аттракционның ішіне кіруіне қатаң тыйым салынған”, – дейді "Сыр самалы" ЖШС директорының орынбасары Ғани Тұрсекеев.

Полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір аталған іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Әділ Анарбаев.

Айта кетейік, жазғы демалыста саябақта еңбек етіп, адал табысын тауып жүрген жігіт биыл медициналық колледждің үшінші курсын тәмамдаған екен. Ал ауыр хәлде ауруханада жатқан ұлдарының тілеуін тілеп отырған ата-анасы әзірге пікір білдіруге дайын емес.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.