Алматылық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атақты заңгер отбасындағы қаралы хабарды жеткізді

Атақты заңгер отбасындағы қаралы хабарды жеткізді
Фото: kursiv.media

Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол уақыттың тығыздығына байланысты әр адамға жеке жауап беруге мүмкіндік болмағанын айтып, арнайы бейнежазба арқылы ризашылығын жеткізген.
 

«Өмір – өтер бір күні. Бүгін бармыз, ертең не боларын ешкім білмейді. Уақыттың тығыздығына байланысты ағамның қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан жандарға жеке-жеке рақмет айта алмадым. Сондықтан осы бейнежазба арқылы қайғыма ортақтасқан баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді заңгер.

Мейірман Шекеев мұндай сәттерде адамның жақындарының қадірін терең түсінетінін айтып, адамдарды бір-біріне көбірек көңіл бөліп, сыйластықта өмір сүруге шақырды. Сондай-ақ қиын кезеңде қолдау білдірген туыстары, достары, әріптестері мен оқырмандарына, оның ішінде Руслан Утепбай, Әділетхан және Altyn Mebelұжымына, сондай-ақ адвокаттар Жанторе, Бағда, Азамат, Алпамыс Окей, Жандос Алимбетов, Камиша, Медет Жан секілді азаматтарға ерекше ризашылығын білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.