Шоу-бизнес

"Қош бол! Жатқан жерің жайлы болсын": Әли Оқапов қаралы хабарды естіртті (ФОТО)

"Қош бол! Жатқан жерің жайлы болсын": Әли Оқапов қаралы хабарды естіртті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Әли Оқапов жақын адамынан айырылғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл ауыр жаңалықты Instagram парақшасында жариялап, досына зор сағынышпен қош айтысты.

"Ғалым, қош бол бауырым. Жатқан жерің жайлы болсын. Барлығы үшін рақмет, бауыр. Ауыр жүрекпен хабарлаймыз: біздің жақын досымыз, Мото-бауырымыз бұл дүниеден өтті. Ол кең жүректі, адал дос, әрі отбасымыздың бір бөлігі болған адам еді. Жақындарына және оны таныған барлық жандарға көңіл айтамыз. Иә, түсірілім басталардың дәл алдында осы жаңалық келді. Менде мұндай бұрын да болған – өткен жылы "Жұлдызды жұп" жобасының алғашқы түсірілім күні. Таңертең жақын досыңнан айырылып, бір сағаттан кейін кадрда күліп, әзілдеп тұрасың. Себебі бұл – сенің жұмысың. Ал қазір жай ғана ұйықтап қалғым келеді. Өйткені ертең жаңа күн басталады, әрі қарай жүгіріп, жұмыс істеу керек. Және ешқашан адамның теледидардан немесе осында, әлеуметтік желіден көрген кейпіне қарап пікір жасамаңыздар. Себебі ешкім адамның ішінде шын мәнінде не болып жатқанын білмейді. Өмір", – деп жазды өнер иесі.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz