Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атамбаевтың әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атамбаевтың әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бұл іс президент аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Манас Арабаевтың ісі аясында қозғалған. Бұл туралы журналистерге Раиса Атамбаеваның өзі айтқан.

"Арабаевтың ісі аясында бүгіннен бастап маған қарсы қылмыстық іс қозғалғанын жаңа ғана білдім. Мен судьялардың ісіне ешқашан араласпағанымды айтқым келеді, саясат лас іс екенін білетінмін, сондықтан оған араласпауға тырыстым. Мен тіпті бір де бір судьяны танымаймын" деп мәлімдеген Атамбаева.

Қырғызстан бас прокуратурасы Раиса Атамбаеваға қарсы іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады. Іс материалдары қылмыстар мен заң бұзушылықтардың бірыңғай реестеріне тіркелген.


Azattyq
Автор
Арман