Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Атам, әжем және мен»: Қарағандыдағы «біртүрлі» мүсінді көргендер ұяттан өліп кете жаздаған (ФОТО)

«Атам, әжем және мен»: Қарағандыдағы «біртүрлі» мүсінді көргендер ұяттан өліп кете жаздаған (ФОТО)

Мүсін вокзал маңындағы саябақта тұр

Қарағандының вокзал маңындағы саябағына орнатылған «Атам, әжем және мен» атты мүсін қала азаматтарының ашуын туғызды, деп хабарлайды Kznews.kz

ekaraganda.kz  сайтының жазуынша, бұл үш мүсін жазда түрлі-түсті қалыпта тұрған еді. Бірақ, қалалық саябақтарды басқару басқармасы мүсіндердің бәрін бір түске боямақ болып, ескерткіштің түр-әлпетін бұзып тастаған.

Азаматтар қала билігінің бұл әрекетін сынап, «мүсінді боямас бұрын, ақылдасу керек» еді дейді.

Қаланың саябақтарды басқару басқармасы азаматтардың арыз-шағымын тыңдап, жауап берген.

«Мүсіндердің бәрін басқа саябақтағы мүсіндердің түсімен бірдей ету үшін оларды алтын түске бояу туралы шешім қабылданды. Осы арқылы мүсіндердің түрін жақсартып, оларды күтіп ұстауға мүмкіндік туады. Әрине, кейде бұндай шешім дау тудырады, бірақ, уақыт өте келе саябақ қала азаматтарының сүйікті орнына айналады», - деп жауап берген басқарма.

Қала азаматтары болса мүсін жақсарудың орнына адам көргісіз күйге түсті деп санайды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.