KZNews.kz
Жаңалықтар

"Атағына қызықты, өзінің жағдайын жасау үшін келді" деген әңгіме тарады – Бағдат Әшімова (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Асекең отбасыда бес адам болған. Анасы, жары және екі ұлы боп тұрыпты. Біздің ауруханаға емделуге келгенде жары мен екі ұлынан айырылып, жалғыз жұбанышы анасынан да айырылып жалғыз қалған кезі екен. Анасының қырқын өткізіп келіп, ауруханаға жатқанда өмірде бірінші рет көрдім. 

Алғаш рет дәлізде көріп қалғаннан кейін ол кісі мені жиі іздей бастады, сұрастырып, бір күні қасына шақырып алып "Жан бөлек" деген кітабын сыйға берді. Соны оқып отырып, мен мына кісіні бақытты етер ме едім деп ойладым. Содан ол кісі маған жары болуға ұсыныс тастады. Серігім болуға жарайтын адам екенсің дегенде құлап қала жаздадым. Үйдегілермен ақылдасайын деп рұқсат сұрадым. Анам қарсы болды. Бірден болмайды деп айтты. Ағам да басында қабылдай алмады. Қатты ашуланып, үстелді бір ұрғаны есімде. Әкем үндеген жоқ. 

Үйдегілердің осындай реакциясынан кейін болмайтынын түсіндім. Асекеңе хабарласып, болмайтынын айттым, Уақыт емші деп күтуді сұрады. Ертеңіне ауылдан қайтарда анам "сен ол адамның бабын таба алмайсың, өте қатал адам" деп анам қарсылығын айтты.

Уақыт өте келе әке-шешеме қайта келіп, Асекеңмен бір болатынымды айтып едім. Бұл жолы рұқсаттарын берді. Сонымен, кішігірім той жоралғысы жасалып, шаңырақ көтердік.

Ұзатылмай тұрып, Асекең өз ортасындағы түрлі жиналыстарға алып барып жүрді. Сынай қарағандар, таңырқап қарағандар, менсінбегендер де болды. Бірақ мен жұрттың сөзіне қараған жоқпын. "Асанәлі танымал кісі. Атағына қызықты, өзінің жағдайын жасау үшін келді" деген әңгімелер де тарады. Сол кездері менің арым таза мен осы жолды таңдадым деп ешкімнің сөзіне мән бермедім. 

Бағдат ӘШІМОВА.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары