KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Ата бәрін ұмытқан": Журналист Жанат Молдашова ұлынан зәбір көрген қарияның жағдайын айтты

• Қайсар Қанат

Жанат Молдашова Instagram парақшасында қарияның қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұған дейін онымен жеке сөйлескенін жеткізді.

Журналистің сөзінше, жаз мезгілінде Әділхан ата қалаға арнайы келіп, басынан өткен жағдайларды көзіне жас алып баяндаған. Алайда содан бері қарияның денсаулығы нашарлап, есте сақтау қабілетінде күрделі өзгерістер болған.

"Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын" деген осы. Ең өкініштісі Әділхан ата бәрін ұмытқан. Қайран әке, жазда қалаға келіп, жылап отырып бәрін егжей-тегжей айтып берген еді. Енді сот басталады. Бірақ өзі сөйлей алмайды. Денсаулығы нашарлап, жады өшкен", – деп жазды журналист.

Жанат Молдашова оқиғаның екінші тарапымен де байланысқа шыққанын айтты. Оның мәлімдеуінше, ол Әділхан атаның ұлын арнайы іздеп барып, жағдайға қатысты пікірін сұраған.

"Ұлын да іздеп барып, сөйлестім. Ол "жала" деп отыр. Толығырақ сториске саламын", – деп жазды Жанат Молдашова.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →