Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 20 наурызында Есіл аудандық полиция бөлімшесіне 23 жастағы қала тұрғынынан бұрынғы күйеуіне қатысты арыз түскен. "24 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезінде оны соққыға жыққаны анықталды. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша, әйел адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Күдікті заң бойынша жауап береді", - деді полиция өкілдері.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астаналық әйелді бұрынғы күйеуі оңдырмай сабап тастады