KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Астанадағы кеден бекетінің қызметкерлері 10 адамнан 223 дана соңғы үлгідегі iPhone 18 смартфон тәркілеп алған, деп хабарлайды kznews.kz

«Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелуге қатысты 10 фактінің жолын кесті. Барлығы 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабы табылды», – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жалпы, заң бойынша жеке пайдалану мақсатында бір адам 2 телефон әкеле алады. Бұдан көп тауар алса, онда тауарды кедендік декларациядан өткізу керек.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →