KZNEWS.KZ
Қоғам

Астанадағы LRT тіректерінің бояуы кете бастаған

• Айгерім Асылова
Видеодан алынған кадр

Астанада толық іске қосылмаған жеңіл рельсті көлік жүйесінің тіректеріндегі бояудың кете бастағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде Шәмші Қалдаяқов көшесі бойындағы жол өткелдерінің тіректері мен арқалықтарынан бояудың қабыршақтанып түсіп жатқаны түсірілген видео тарады.

Желі қолданушылары нысанның сапасына қатысты түрлі пікір білдіріп, құрылыс барысына алаңдаушылық танытты.

Бетон тіректерді бояу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған еді. City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Тіректер мен жол өткелінің элементтерін бояу жұмыстары қыс мезгілінде уақытша тоқтатылды. Ауа райы жылығаннан кейін жұмыстар қайта жалғасып, толық аяқталады", – делінген хабарламада.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →